Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, арнайы топ құрылып, жұмысын бастаған. Қазір қол жиналып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
БАСТАМАНЫ ҚАНША АДАМ КӨТЕРЕ АЛАДЫ
Конституцияға сәйкес Жогорку кеңеште өзін-өзі тарату туралы бастаманы парламент мүшелерінің үштен бір бөлігі яғни, 30 адам көтере алады. Шешім оң қабылдануы үшін депутаттардың үштен екісі яғни, 60 депутаттың дауысы керек.
Өзін-өзі тарату туралы шешім қабылданған жағдайда президент парламент таратылған күннен бастап 5 күн ішінде кезектен тыс сайлауды тағайындайды. Қазіргі депутаттар жаңа сайланған шақырылымның бірінші отырысына дейін жұмыс істейді.
Жогорку кеңештің 7-шақырылымы 2021 жылы сайланды. Оның құрамы 90 депутаттан тұрады, онда «Ата Жұрт-Қырғызстан», «Сенім», «Ынтымақ», «Альянс», «Бүтін Қырғызстан», «Иман нұры» партиялары мен бірмандатты округтан сайланған депутаттар бар