ЕрекшеОқиға

Маңғыстауда жол апатынан 10 адам қаза болды: дәрігерлер үш адамның өмірі үшін күресіп жатыр

11 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта орналасқан автожолда апат болған, деп хабарлайды  Tizgin.kz.

Полицияның хабарлауынша,«Toyota Hiace» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, соның салдарынан көлік жол шетіне аударылған.

Жол апатының салдарынан 8 адам оқиға орнында көз жұмып, тағы екі адам ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Жол апатынан зардап шеккен үш адамның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.

«1964 жылы туған ер адам мен 1967 жылы туған әйел жансақтау бөліміне жеткізілді, жағдайы ауыр. Ал 1960 жылы туған әйел аурухананың травматология бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Back to top button