ЕрекшеЖаңалықтар

Албанияда министр қызметін жасанды интеллект атқаратын болды

Албания жасанды интеллектті министрлік қызметке тағайындаған алғашқы ел атанды. Премьер-министр Эди Раманың айтуынша, Diella атты ИИ-бот мемлекеттік сатып алуларға жауапты болады, деп хабарлайды Gazeta Tema.

Жасанды интеллект-министірді қолдау үшін арнайы бөлімше құрылды. Ол үкіметте жасанды интеллект технологияларын енгізумен айналысады. Бұл тендерлердің толық ашықтығын қамтамасыз етіп, шығындарды азайтуға тиіс.

Премьер-министр Эди Рама Diella енгізілгеннен кейін мемлекеттік сатып алулардың біртіндеп жасанды интеллект бақылауына өтетінін айтты. Сондай-ақ, ол ИИ мемлекеттік сатып алу қызметінің функцияларын орындайтынын ерекше атап өтті. Бұған дейін Diella үкіметтің e-Albania порталында виртуалды көмекші ретінде жұмыс істеген.

Back to top button