Осы мәселе YouTube арнасындағы Airan подкасты барысында талқыланды. Көпшілікті толғандырған сұраққа әскери сарапшы Ғалымжан Садуақаcов жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«МІНЕ – ЖҰМЫС, МЫНАУ – СЕНІҢ ҮЙІҢ»
– Жас офицерді мысал етейік. Әйелі, баласы бар, жалдамалы пәтерде тұрады. Егер ертең әйелімен бірге далада қалатынын білсе, соғысқа барып не опа таппақ? Міне – жұмыс, мынау – сенің үйің, болды. Бұл мәселе енді сенің бас қатырар проблемаң болмауы керек. Сенің міндетің – полигонға барып, ел қорғау. Соған сәйкес мектеп, қалашық сияқты тұстар қамтылуы керек, – деді Садуақасов.