Алматы облысына қарасты Іле ауданындағы металл қабылдау бекеттерінің бірінде белгісіз заттың жарылуы салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Алматы облысы Іле ауданындағы металл қабылдау пункттерінің бірінде белгісіз зат жарылып, салдарынан үш адам көз жұмды. Оқиға орнына жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі жетті. Зардап шеккендер оқиға орнында тіл тартпай кеткен, – делінген ведомство таратқан ресми хабарламада.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
Облыстық Полиция департаменті барлық тергеу шарасы заң талаптарына сай жүргізіліп жатқанын атап өтті.