ЕрекшеЖаңалықтар

«Назаровқа күлетін жөнің жоқ»: мәжілісменді сынаған экс-депутат Бердіоңғаров өзі де сынға қалды

Экс-депутат әрі блогер Тәңірберген Бердіоңғаров кеше Мәжіліс төрінде анасын 70 жасымен құттықтаған Ардақ Назаровқа күлемін деп өзі де сынға қалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Күні кеше Мәжіліс отырысында депутат Ардақ Назаров анасын 70 жасқа толуымен құттықтаған. Онысын көпшілік түсінген жоқ. Өзекті мәселелер көтерілетін Парламентте “осылай әркім туған-туысын құттықтап отырса елдік мәселе қайда қалды?” деп сынағандар көп. Алайда депутатқа ара түсіп, бұдан еш әбестік көріп тұрмағандар да Назаровты қолдау әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Ең қызығы, дәл сол отырыста ең төменгі жалақы мәселесі талқыланған еді. Басқа депутаттар мен журналистер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы сұрақтың астына алып, ЕТЖ мөлшерін көтеру керек дескен. Алайда бұл талаптың бәрін күн тәртібінен Назаровтың құттықтауы ысырып тастады.

ДЕПУТАТТЫ СЫНАҒАН ЭКС-ДЕПУТАТ

Ардақ Назаровты келемеждегендердің бірі – экс-депутат Тәңірберген Бердіоңғаров болды. Ол пікірлерінің бірінде “кезінде мен депутат болғанда анамды мерейтойымен құттықтамаппын, қалай ойлайсыздар? Құттықтауым керек пе еді?” деп жазды ол. Алайда оған қарсы пікір жазғандар да табылды.

“Сен де ол жерде бітірген шаруаң шамалы  еді”, – деп жазады оған сыншылар.

Сонымен бірге, білетіндер Бердіоңғаровтың 2011 жылы әріптестерін “Кеңес одағы әскері күнімен 23 ақпанда құттықтағанын” есіне салды. Сол кезде оның бұл құттықтауын екі әріптесі – Бекболат Тілеухан мен Нұртай Сабилянов қолдамай, ол әрекетін саяси қателік деп атаған. Соған қарамастан Бердіоңғаров “мен әріптестерімді алдағы уақытта да осы мерекемен құттықтай беремін, олардың ойы басқа, менің ойым басқа” деп бетбақтырмаған еді.

Back to top button