ЖаңалықтарОқиға

Америкалық блогерді көп алдында сөйлеп тұрған кезінде атып өлтірді

АҚШ-тың белгілі консервативті комментаторы Чарли Киркті Юта штатындағы университетте сөз сөйлеу кезінде атып кетті. АҚШ президенті Дональд Трамптың мәліметінше, Кирк көз жұмған. Қылмысқа күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Tizgin.kz DW-ге сілтеме жасап.

Белгілі америкалық консервативті блогер Чарли Киркке 10 қыркүйек, сәрсенбі күні Юта аңғары университетінде өткен сөз сөйлеуінде оқ атылды. Reuters агенттігінің NBC News тілшісіне сілтеме жасап жазуынша, атыс дауысы сөз сөйлеудің 20-шы минутында шыққан. Кирк мойнынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

«Бәріміз де оққа ұшқан Чарли Кирк үшін дұға етуіміз керек. Ол барлық жағынан тамаша жан еді. ҚҰДАЙ ОНЫ ҚОРҒАСЫН!» — деп жазды АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде. Бірнеше сағаттан кейін Трамп Кирктің қаза болғанын хабарлады.

Трамп Кирктің қазасынан кейін туларды төмен түсіруге тапсырма берді

«АҚШ жастарын Чарли сияқты ешкім түсінбеді және оларға ешкім ол сияқты жанашыр бола алмады. Барлығы, әсіресе мен, оны жақсы көрдік әрі құрметтедік, ал енді ол арамызда жоқ. Мелания екеуміз оның сүйікті жары Эрикаға және бүкіл отбасына көңіл айтамыз», — деді АҚШ президенті. Ол АҚШ аумағында барлық туды 14 қыркүйек, жексенбі кешіне дейін төмен түсіруге тапсырма бергенін жариялады.

Байден: Зорлық-зомбылық дереу тоқтауы тиіс

Кирктің қазасын АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден де пікір білдірді. «Біздің елде мұндай зорлық-зомбылыққа орын жоқ. Ол дереу тоқтауы тиіс», — деді ол.

ФБР: Күдікті қолға түсті

Полиция бастапқыда қастандыққа күдікті адамды ұстағанымен, оның шабуылшы еместігі белгілі болды. Осыдан кейін іздеу жалғасты. Кейін ФБР басшысы Кэш Патель кісі өлтіруге күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Чарли Кирк Трамптың белсенді жақтаушысы болатын, жиі медиаға шығып, түрлі оқу орындарында дәрістер мен пікірталастар өткізген.

Back to top button