Шымкентте судья әдебі жөніндегі комиссия қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша төрағалық еткен судья ӘбинҰр Қарабаевқа қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Tizgin.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
МАТЕРИАЛДАР СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ЖОЛДАНҒАН
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, тексеріс материалдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот төрелігіне жолданған.
Судья әдебі жөніндегі комиссия судья Әбинұр Қарабаевқа қатысты тексеріс материалдарын мәні бойынша қарау үшін Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот жюрына жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, судья Карабаев оны даулауға құқылы, – делінген ресми хабарламада.
НЕ БОЛЫП ЕДІ
Еске салайық, қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісін қарау барысында төрағалық еткен судья Әбинұр Қарабаев бейнежазба жасап отырған журналистке тілін көрсетіп, оғаш қылығымен ел назарына іліккен болатын.