ЕрекшеҚоғам

“15 қылмыстық топ жойылды”: Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Тоқаевқа не айтты?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

ЖАЛҒАН КОМПАНИЯЛАР КЕЛТІРГЕН ШЫҒЫН
Кездесу барысында Мемлекет басшысына қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы бағытталған іс-шаралар туралы баяндалды.

Мәлім болғандай, агенттік жалған компаниялар арқылы 24 млрд теңгеден астам қаражаттың қолма-қол ақшаға айналдырылғанын анықтады. Сонымен қатар есірткі саудасы мен алаяқтық жолымен табыс тапқан 20 заңсыз криптобиржаның әрекеті тоқтатылды.

ТМД аумағындағы ең ірі криптосервис жойылды – ол Darknet желісіндегі 20 алаңмен жұмыс істеген және 200-ден астам есірткі дүкеніне қызмет көрсеткен. Агенттік 9,7 миллион доллар көлеміндегі виртуалды активтерді бұғаттады, – делінген ақпаратта.

Президентке Агенттік тарапынан 720 қылмыстық істің тергеуі аяқталғаны, 15 ұйымдасқан қылмыстық топ (соның ішінде 3 трансұлттық топ) жойылғаны туралы да мәлімет берілді.

Back to top button