ЕрекшеСпорт

Әли Әлиев Қазақстан құрамасы ойсырай жеңілген соң отставкаға кететінін айтты

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев отставкаға кетеді. Бұл туралы Tizgin.kz Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) сілтеме жасап хабарлайды.
Бір жылдан кейін болатын әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Бельгиядан 0:6 есебімен оңбай жеңілді. Бұл Әлиев Ұлттық құраманы тізгіндегелі қатарынан төртінші жеңіліс және оның бапкерлік қызметіндегі ең ірі есеп.
Матчтан кейін өткен баспасөз мәслихатында бапкер қысқа әрі нақты мәлімдеме жасады:

Қысқаша айтсам, бұл жеңіліс үшін жауапкершілікті толықтай өз мойныма аламын. Менің қателігім. Ойыншылардың ешқайсысын кінәлай алмаймын. Барлық жауапкершілік – менде. Жазбаша түрде өтінішімді жазып, отставкаға кетемін. Елге оралған соң бұл туралы федерация президенті мен басшылыққа ресми түрде жеткіземін, – деді Әлиев.

Қазір Қазақстан құрамасы іріктеудің бес ойынының қорытындысы бойынша үш ұпаймен J тобының төртінші орында тұр. Тікелей жолдама алу мүмкіндігінен айрылғанымен, теорииялық тұрғыда плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі әлі де сақталған.

Back to top button