
Қазақстан футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде жеңіліс тапты. Брюссельде Әли Әлиевтің шәкірттері Бельгия құрамасына 0:6 есебімен жол берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазақстан футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде жеңіліс тапты. Брюссельде Әли Әлиевтің шәкірттері Бельгия құрамасына 0:6 есебімен жол берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ойындағы есеп тек 42-минутта ашылды — Бельгия капитаны Кевин Де Брюйне айып алаңының ішінен дәл соққы жасады. Араға екі-ақ минут салып, алаң иелерінің басымдығын «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Жереми Доку еселеді.
Үзілістен кейін де Бельгия қысымды жалғастырды: 51-минутта Шотландияның «Рейнджерс» клубының жартылай қорғаушысы Николас Раскин көзге түссе, 60-минутта Доку дубль жасап, есепті ойсырата түсті. 84-минутта Де Брюйне де дубль авторы атанып, есепті 5:0-ге жеткізді. Алайда бельгиялықтар тоқтаған жоқ — 87-минутта «Лилльдің» қорғаушысы Томас Менье алтыншы голды соғып, жеңісті түпкілікті бекітті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бес матчтан кейін үш ұпай жинап, J тобының турнирлік кестесінде төртінші орында қалды. Ал Бельгия 10 ұпайға ие болып, Уэльспен теңесті және көшбасшылық үшін күресін жалғастыруда, қазір олар Солтүстік Македониядан небәрі бір ұпайға ғана қалып келеді.
J тобының турнирлік кестесі:
Солтүстік Македония — 11 ұпай (5 матч)
Бельгия — 10 ұпай (4 матч)
Уэльс — 10 ұпай (3 матч)
Қазақстан — 3 ұпай (5 матч)
Лихтенштейн — 0 ұпай (5 матч).