Жаңалықтар
Санжар Боқаевқа үкім шықты

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
26 қарашада Санжар Боқаевқа қатысты сот процесінде тараптардың жарыссөзі басталған еді. Мемлекеттік айыптаушы Боқаевты 12 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуді сұраған. Сот үкімімен ол 10 жылға сотталды.
Санжар Боқаев не үшін айыпталды
Белсендіге қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша – алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру, ұрлық, көрінеу жалған ақпарат тарату және ағаштарды заңсыз кесу бойынша айып тағылған.
Санжар Боқаев биыл көктемнен бері қамауда отыр. Оған қатысты сот процесі қазан айында басталған болатын.