Геосаясат

Трамп пен НАТО басшысы Ресейге үндеу жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп пен НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте Ресейді Украинадағы соғыстың ауқымын кеңейтуі мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақырды. Олар сондай-ақ қарулы қақтығысты мүмкіндігінше тезірек тоқтатып, бейбіт келісімге қол жеткізу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

НАТО Ресейге қысымды күшейтуді көздейді

25 қарашада Флоридада кездескен Дональд Трамп пен Марк Рютте Украинадағы соғысты реттеу мәселесін талқылады. Ақ үйдің мәліметінше, тараптар Ресейдің соғыс ауқымының әдейі немесе байқаусызда кеңеюіне әкелуі мүмкін кез келген әрекеттен бас тартуы маңызды екенін атап өткен.

АҚШ президенті мен НАТО басшысы Ресей бастаған кең ауқымды соғысты тоқтатып, Украинада мүмкіндігінше тезірек бейбіт келісімге қол жеткізу қажет деп санайды. Кездесу барысында тараптар қорғаныс шығындарын ұлғайту, инвестиция салу, сондай-ақ АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы мәселелерін де талқылаған. Трамппен кездесу алдында Марк Рютте Fox News телеарнасына берген сұхбатында НАТО Ресейге барынша қысым көрсетуі керек екенін мәлімдеген. Альянс басшысы бұл мәселені АҚШ президентімен талқылауды жоспарлап отырғанын айтқан.

Еуропа Трамптың Ресейге жеңілдік жасауынан қауіптенеді

Өткен аптада Дональд Трамп Қытайда Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен еді. Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен өткен үшжақты саммитте АҚШ президенті Путинді жылы қарсы алып, оны өзінің «досы» деп атаған.

Кейін Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ресей президентімен қол алысып тұрған суретін жариялап, Путинді тағы да «досым» деп атады. Ақ үй басшысының бұл әрекеті АҚШ-та өткір сынға ұшырады.

Ал Германия мен НАТО-ға мүше өзге де Еуропа елдері Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресейге бірқатар мәселеде жол беруі мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Back to top button