Оқиға

Шымкентте қызға ауыр стақан лақтырған ер адам қамауға алынды

Қаладағы дәмханалардың бірінде қызға ауыр стақан лақтырып, оны жарақаттаған ер адам ұсталды. Соққы салдарынан жәбірленушінің бір тісі түсіп, ерні жарылып, қолы жараланған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Күдіктінің жеке басы анықталды

Шымкент қалалық полиция департаменті мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталған. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Жанжал неден басталған

Оқиға Шымкенттегі «Кофемолка» кофеханасында болған. Куәгерлердің айтуынша, бір үстелде үш қыз, екінші үстелде бірнеше ер адам отырған. Жанжал ер адамдардың қатты сөйлеуіне байланысты жасалған ескертуден соң басталған көрінеді. Шымкент тұрғыны Диана Болшынбаеваның сөзінше, екі құрбысы дәмханада тамақтанып отырды. Сәлден соң келген ер адамдар қатты сөйлей бастаған. Содан қыздар олардан дауыстарын бәсеңдетуді сұрады.

Осыдан кейін ер адамдар танысқысы келгенімен, қыздар келіспеді. Артынша олардың ұлтын сұрай бастаған. Ұрыс-керіс осы жерден басталды, – деді тұрғын.

Кикілжің кезінде ер адамдардың бірі ашуланып, қызға ауыр стақан лақтырған.

Back to top button