Астанада 1,8 млрд теңгенің мүлкін жымқырған кәсіпкер сотталды
Астанада ірі мөлшерде қаржы жымқырған кәсіпкер 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.
Сотталушы 2016 жылдан бастап бірнеше компания ашып, заңсыз сауда жүргізіп келген.
Оның компаниясы металлургиялық өндіріс қалдықтарын өңдейтін учаскені жалға алған. Келісімшарт бойынша кәсіпкер өңдеуден алынған түйіршіктелген домна шлагы мен қиыршық тасты ғана сатуға құқылы болған. Ол келісім талаптарын бұзып, басқа компанияға тиесілі кесек домна қоспасын үшінші тұлғаларға сатқан.
Бұдан бөлек, кәсіпкер 2022 жылы қылмыстық жолмен тапқан кірісін заңдастыру үшін жаңа компания сатып алған.
Прокурор кәсіпкерді 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыпталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды талап етіп отыр.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.