Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Игорь Владимирович Лепеха – Қазақстанның ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған генерал, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Еңбек жолын ішкі істер органдарында бастаған. Әр жылдары құқық қорғау жүйесінде түрлі басшылық қызметтер атқарып, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттарында жұмыс істеген. Игорь Лепеха Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетін басқарған. Сондай-ақ министрлік аппаратының басшысы қызметін атқарған.
2022 жылы қарашада Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалған.