Мусин Хуангтың қызметке оралуымен Қазақстандағы жобалар қайта жанданатынын айтты
«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин Дженсен Хуангтың Nvidia-ға оралуы бірқатар жоба бойынша келіссөздің сәтті аяқталатынына серпін беретінін жеткізді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Келіссөздер сәтімен аяқтала ма
Басқарма төрағасы алдымен Қазақстандағы жасанды интеллект инфрақұрылымы да жүйелі түрде күшейтіліп жатқандығын атап өтті. Айталық, Екібастұздағы деректерді өңдеу орталықтары алқабы жобасы бойынша құрылыс жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқан көрінеді.
«Дженсен Хуанг мырзаның Nvidia компаниясының басшысы ретінде оралуы біздің жобамыз бойынша келіссөздердің аяғына дейін жеткізуге оң ықпалын тигізеді деген ойдамыз», – деді Мусин.
Дженсен Хуанг қызметінен не үшін кетті
Мұның алдында 63 жастағы Дженсен Хуанг Nvidia компаниясындағы барлық қызметінен жеке өміріне қатысты дау өршігеннен кейін кеткен. Бұған бұқаралық ақпарат құралдарында оның Сингапурдағы Megaspeed компаниясының менеджерімен некеден тыс қарым-қатынаста болғаны туралы ақпараттың жариялануы себеп болған.
Financial Times басылымының 15 қарашада жариялаған мәліметінде, Дженсен Хуанг Nvidia бас директоры қызметінен кеткеніне бірнеше күн өткен соң компания басшылығына қайта оралу мәселесін талқылай бастағаны жазылды. Басылым дереккөздерінің айтуынша, Хуангтың жақтастарының бірі ірі технологиялық компаниялардың жетекшілерінен арнайы топ құрып жатыр.
Хуангтың қызметке қайта оралуы
Кеше америкалық технологиялық NVIDIA компаниясының директорлар кеңесі оның негізін қалаушы Дженсен Хуангты президент және бас атқарушы директор қызметіне қайта тағайындау туралы шешімді бірауыздан қабылдады. Сонымен қатар ол директорлар кеңесі құрамына да қайта оралды.