Жаңалықтар

Шапан әлемде трендке айналып келеді – дизайнер Аида Қауменова

Белгілі дизайнер Аида Қауменова қазақтың ұлттық киімі – шапанның әлемдік сән үрдістеріне сай келетінін, трендке айналғанын айтты.  Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан Kazakhstan Fashion Week сән апталығында Tizgin.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Астанада ұйымдастырылған сән апталығына отандық және шетелдік дизайнерлер қатысып, өздерінің жаңа топтамаларын таныстырып жатыр. Солардың бірі – қазақстандық сән индустриясының дамуына елеулі үлес қосып жүрген 20 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Аида Қауменова. Дизайнер кезекті топтамасын көпшілік назарына ұсынып, ұлттық киімдердің заманауи сән әлеміндегі орнына тоқталды.

«Қазір әлемде шапан трендке айналып жатыр. Біздің модамыз әлемдік трендке сай келіп тұр», – деді Аида Қауменова.

Сұхбат барысында Tizgin.kz тілшісі Аида Қауменовадан табысты кәсіпкер ретінде өзіне қымбат зат сатып аларда үнемдейтін кездері бола ма деп сұрады. Дизайнер жеке қажеттілігінен гөрі кәсібіне қаржы жұмсағанды жөн көретінін жасырмады.

«Мен мата алғанда өзімді тоқтата алмай қаламын. Қаржыгерлерім тоқтатады. Мен үшін ең мықты шопинг – мата, фурнитура алу. Бизнесмен болғандықтан, біз бірдеңені өзімізге алғанша, жұмысымызға алғанды жөн көреміз», – деді ол.

Сән саласында жиырма жылдық тәжірибесі бар Аида Қауменова ұлттық киімдердің әлемдік сәнмен үндесіп жатқанын атап өтіп, отандық сән индустриясын дамытуға қатысты өз тәжірибесін бөлісті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button