ЕрекшеЖаңалықтар

Алматы облысында итке таланған қыздың ісі бойынша полицейлер тексерісі әлі біткен жоқ

Алматы облысының Жалпақсай ауылында балаға иттер шабуыл жасаған оқиға бойынша полиция екі айдан астам уақыт бойы тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

БАСШЫЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жалғасуда.

Иттер жүгіріп шыққан наркологиялық және алкогольдік орталықтың басшылығы үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ
Еске сала кетейік: шілде айында жеке меншік оңалту орталығының аумағынан бірнеше ит босап шығып, спорт алаңында ойнап жүрген 10 жастағы балаға тап берген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, облыс прокуратурасының ерекше бақылауына алынған. Орталықтың лауазымды тұлғаларының әрекетіне құқықтық баға берілмек.
Оқиға куәгері – ер адам – балаға көмектесіп, екі итті пышақпен өлтірген. Полиция оның әрекетін өзін-өзі қорғау шеңберінде заңды деп танып, процессуалдық шешім қабылданбағанын хабарлады.

Back to top button