Тергеу

Теміртауда полициядан қашқан жүргізуші 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Теміртауда полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қашуға әрекеттенген 40 жастағы жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Түнгі қуғын

Полиция мәлімеінше, оқиға 20 қараша күні сағат 03:30 шамасында кезінде болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Toyota автокөлігін тоқтатпақ болғанымен, жүргізуші заңды талапқа бағынбай, тұрғын үй алабына қарай қашқан. Көп ұзамай тәртіп сақшылары оны ұстады.

Тексеру кезінде 40 жастағы ер адамнан масаңдық белгілері байқалған. Алайда ол медициналық тексеруден өтуден бас тартқан. Осыған байланысты полицияның тоқтау туралы талабын орындамау және медициналық куәландырудан бас тарту деректері бойынша әкімшілік материалдар рәсімделді.

Сегіз жылдық жаза

Істі қараған Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты жүргізушіні 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 8 жылға көлік басқару құқығынан айырды. Сондай-ақ полиция талабына бағынбағаны үшін 174 мың теңге айыппұл салды.

Back to top button