Жаңалықтар

Nvidia 2,15 трлн доллар нарықтық құнын жоғалтты

Аталған компания акциясы 18 қараша күні Nasdaq-та 2,89% арзандап, 150,96 доллармен жабылды. Бұл жыл басталғалы алып қарағандағы ең төменгі жабылу бағасы, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Nvidia-ның нарықтық құны қашан құлдырады

18 қарашадағы сауда қорытындысында Nvidia-ның нарықтық құны 3,65 трлн долларға дейін түсті. Өткен жылдың соңында компания 4,53 трлн долларға бағаланды. Содан бері оның нарықтық құны шамамен 880 млрд долларға, яғни 19,6%-ға кеміді.

Ал қазан айының 6-күнгі рекордпен салыстырғанда, Nvidia шамамен нарықтық құнының 2,15 трлн долларынан айырылды. Сол күні компания капитализациясы сауда жабылған кезде 5,8 трлн долларға жеткен болатын. Одан бері акция бағасы мөлшермен 36% төмендеді.

Бас директордан кетуі қалай әсер етті

Акция компания тоқсандық түсімі бір жылда 103% өсіп, 115,8 млрд долларға жеткенін жариялаған соң да арзандады. Reuters басылымы мәліметінше, инвесторлардың сақ қимылдауына Nvidia негізін қалаушы Дженсен Хуангтың бас директор қызметінен кетуінен кейінгі белгісіздік те әсер етті.

Back to top button