Без рубрикиЕрекшеЖаңалықтар

Көкшетауда салынып бітпеген үйлер пайдалануға берілген: прокуратура тергеуді бастады

Көкшетауда құрылысы толық аяқталмаған көпқабатты тұрғын үйлердің пайдалануға берілгені бойынша прокуратура тергеу бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

ҚАНША ШЫҒЫН КЕЛДІ

Ресми ақпаратпен Ақмола облысындағы қадағалаушы орган өкілдері бөлісті. Олардың мәліметінше, жалпы саны 140 пәтерден тұратын екі тұрғын үй әлеуметтік осал топтар үшін салынып жатқан.

Алайда тексеріс барысында бұл нысандар 2023 жылы толық аяқталмағанына қарамастан, сол кездегі қалалық құрылыс бөлімінің басшысы оларды қабылдау актісіне қол қойып, мердігерге қаражат аударғаны анықталған. Салдарынан мемлекетке 90 миллион теңгеден астам шығын келтірілген, – деп мәлімдеді прокуратура өкілдері.

Аталған факті бойынша аса ірі көлемде қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Back to top button