Жаңалықтар
Трамп Тоқаевты G20 саммитіне шақырды: Президент АҚШ-қа сапарға дайындалып жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізетін арнайы өкілі Ержан Қазыханды қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ержан Қазыхан Президентке АҚШ-тың Майами қаласында өтетін G20 саммитіне қатысу үшін жоспарланған сапарға дайындық жұмыстары жөнінде баяндады. Қазақстан басшысының бұл халықаралық жиынға АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысатыны айтылды.
Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері де қаралды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.