Жаңалықтар

Меморгандар Instagram мен Facebook парақшаларды бұғаттай ала ма

Қазақстанның мемлекеттік органдары әлеуметтік желілердегі аккаунттарды өз бетінше бұғаттай алмайды. Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Meta платформаларындағы парақшаларға қатысты қандай жағдайда шара қолданылуы мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Министрдің айтуынша, бұл әрекет тек сот шешімі негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер белгілі бір аккаунтта жарияланған ақпарат сот арқылы заңсыз деп танылса, мемлекеттік орган тиісті шешімді Meta компаниясына жолдап, сол материалды өшіруді сұрай алады.

Қырықбаевтың сөзінше, мемлекеттік органның сот шешімінсіз әлеуметтік желідегі парақшаны тікелей бұғаттауға құзыреті жоқ. Сонымен қатар министр Meta компаниясының мұндай мәселелерде өз ұстанымын қорғай алатынын атап өтті.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button