Жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өседі

Қазақстанда 2027 жылдан бастап ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Бұл үшін бюджеттен қосымша 75,9 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Атап айтқанда, 2027 жылы ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруға қосымша 75,9 миллиард теңге бөлу көзделген. Осылайша, ең төменгі жалақы қазіргі 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін, 25 мың теңгеге немесе шамамен 29,4 пайызға өседі.

Сонымен қатар алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға тағы 20 миллиард теңге қарастырылған.

Аталған екі бағытқа бюджеттен қосымша 95,9 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр.

Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі деп жоспарланған.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button