Жаңалықтар
«Қазақфильм» киностудиясына жаңа басшы тағайындалды
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті болып Құрманбек Жұмағали тағайындалды. Мұның алдында ол Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы қызметін атқарды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
БАҚ пен басшылықтағы қызметтер
Құрманбек Жұмағали еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметтен бөлек, БАҚ саласы мен медиа бағытында басшылық қызметтер атқарған.
Еңбек жолында «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясында түрлі лауазымда еңбектенді. Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ басқарма басшысы болған.
Телеарнадағы тәжірибесі
Одан бөлек, «Қазақ радиоларының» директоры, «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
- 2019-2021 жылдары «Астана» телеарнасының, ал 2021–2023 жылдары «31 арнаның» бас директоры болған.
- 2023 жылғы шілдеден бастап Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы қызметін атқарып, енді «Қазақфильм» басшылығына келді.