Жаңалықтар

Атырау облысында бір жасар бала қызылшадан қайтыс болды

Атырау облысында бір жасар бала қызылшадан қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, аурудың асқынуы салдарынан сәби көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала ауруханаға жеткізілген кезде оның жағдайы өте ауыр болған.

«Ауруханаға жатқызылған сәтте баланың жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Ауруханаға жатқызылған сәтте баланың жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Медицина мамандары қарқынды емдеу шараларының толық кешенін жүргізді. Алайда көрсетілген емге қарамастан, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», – деп мәлімдеді басқарма.

Ресми дерекке сәйкес, 2026 жылғы 1 қазан мен 17 қараша аралығында Атырау облысында қызылшаның зертханалық жолмен расталған 45 жағдайы тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 78 жағдай болған.

Қазір облыста жеті адам стационарда ем қабылдап жатыр. Олардың төртеуінде қызылша диагнозы расталған, қалған үшеуінде ауруға күдік бар. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға жатқызылғандардың басым бөлігі қызылшаға қарсы екпе алмаған.

Back to top button