TOP-2Спорт

Бірде-бір жеңіс жоқ: Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер іздейтінін мәлімдеді

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Джон ван’т Схип қызметінен кетеді. Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) нидерландтық маманмен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Скотт Манн мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Скотт Маннның айтуынша, нидерландтық маманмен жасалған келісімшарт осы аптаның соңында аяқталады. Келісім мерзімі біткеннен кейін федерация ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер іздеуге кіріседі.

«Біз келісімшартты ұзартпаймыз және ұлттық құраманы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындайтын, ұзақ мерзімге жұмыс істеуге дайын жаңа бас бапкер іздеуді бастаймыз», – деді Манн баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасының тізгінін 2026 жылдың тамызында Талғат Байсуфиновтан қабылдап алған еді. Нидерландтық маманның алдына ұлттық құраманы Ұлттар лигасының B дивизионына шығару міндеті қойылған. Алайда ол бұл мақсатты орындай алмады.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының C3 тобында соңғы, төртінші орын алды. Алты кездесуде небәрі үш ұпай жинаған футболшылар бірде-бір жеңіске жеткен жоқ. Үш ойында тең түсіп, қалған үшеуінде қарсыластарына есе жіберді.

Back to top button