Жаңалықтар
Кувейтте қазақстандық бортсерік ауруханаға түсті

Кувейтте 25 жастағы қазақстандық бортсерік жансақтау бөліміне түсті. Непалдан ұшып келгеннен бортсерік қыздың жағдайы бірнеше күннен соң күрт нашарлаған. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.
Бортсерік екі күн жансақтау бөлімінде жатып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жағдайы тұрақтанған. Дегенмен бірнеше күн өткен соң денсаулығы қайтадан күрт нашарлап, ауруханаға екінші рет жатқызылған.
Экипаждың өзге мүшелері де сырқаттанып, олардың дене қызуы көтерілген. Әзірге бортсеріктің нақты қандай ауруға шалдыққаны белгісіз.
Оның қай әуе компаниясында жұмыс істейтіні және экипаждың басқа мүшелерінің қазіргі жағдайы туралы ресми дерек жарияланбаған.