ЕрекшеСпорт

«Қайрат – Реал Мадрид» ойынына билет қашан сатыла бастайды: уақыты аталды

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев «Қайрат – Реал Мадрид» ойынына билет қашан сатыла бастайтынын айтты, деп жазады Tizgin.kz.

Оның сөзінше, ойын басталмас бұрын 10 күн алдында, яғни қыркүйектің 20-на қарай билеттер сатылымға шығады.

“Қазір әртүрлі ақпарат көздері “билет сатыла бастады” деп ақпарат таратып жатыр. Сақ болыңыздар! Билет сатуға құқылы – “Қайрат” клубының өзі. Сол клубтың ресми сайтында немесе әлеуметтік желідегі парақшасында билет сатылымы жөнінде ақпарат шығады”, – деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, стадионда арнайы қонақтарға арналған орын болады. Ол жерде халықаралық бақылаушылар да отырады.

Back to top button