ЕрекшеЖаңалықтарОқиға

Жамбыл облысында туған қызын туған қызын зорлаған ер адам өмір бойғы түрмеге кесілді

Жамбыл облысында ер адам туған қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп жазады Tizgin.kz.

«Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ж. есімді сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін (ҚК 121-бабы, 4-бөлігі) айыпталды. (…) Сот үкімімен Ж. ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.

Сот материалдарына сәйкес, биыл сәуір айында Қордай ауылында сотталушы мас күйінде 2019 жылы туған туған қызын зорлаған.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

«Сот істеген ісіне өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ», — деп көрсетілген сот хабарламасында.

Сонымен қатар, моральдық залал үшін 5 млн теңге көлемінде өтемақы өндірілді.

Back to top button