Жаңалықтар

Қазақстанда қант диабетіне тегін тексерілу тәртібі өзгереді

Елде қант диабетін тексеруге арналған тегін медициналық көмек көрсету тәртібі өзгертіледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тегін тексеруден кімдер өте алады?

Енді 40 пен 76 жас аралығындағы азаматтар екі жылда бір рет тегін скринингтен өте алады. Тексеру барысында қандағы гликирленген гемоглобин, триглицеридтер және төмен тығыздықтағы липопротеиндер деңгейі анықталады.

Барлық өңірде диабет орталығы ашылады

Мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының базасында Республикалық эндокринология және диабет құзыреттілік орталығы құрылды. Қазір аталған орталықтар Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ақтөбе облыстарында жұмыс істейді. Министрлік 2027 жылдың соңына дейін олар барлық өңірде ашылады деп мәлімдеді.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button