Мұнай бағасы екінші апта қатарынан төмендеп жатыр
Әлем нарығында мұнай бағасы екінші апта қатарынан құлдырап жатыр. 13 қарашада Brent маркалы мұнай мен WTI мұнайының бағасы 2,5%-ға арзандады. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме Tizgin.kz хабарлайды.
Жұма күнгі сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,02%-ға қымбаттап, барреліне 95,84 доллардан сатылды. Ал америкалық WTI мұнайы 0,20%-ға арзандап, 88,56 долларға дейін төмендеді.
Баға неге төмендеп жатыр?
Халықаралық энергетика агенттігінің мәлімдеуінше, мұнай бағасының құлдырауына өндірушілерден ұсыныс артып, ал сұраныстың әлсірегені әсер етті.
Бұл жағдайға АҚШ-тағы мұнай қорының ұлғаюы да ықпал еткен. Елде импорт көлемі артып, жанармайға сұраныс төмендегендіктен шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің қоры көбейді.
Таяу Шығыстағы жағдайдың нарыққа әсері бар ма?
Мұнай нарығына Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал да ықпал етіп отыр. Атап айтқанда, Ормуз бұғазы маңындағы энергетика инфрақұрылымына жасалған шабуылдар мұнай тасымалына қатысты қауіпті күшейткен.