Жаңалықтар

Түркістан облысында банкет залының шатыры өртенді

14 қараша күні таңертең Түркістан облысының Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында бір қабатты банкет залының шатыры өртенді. Жалын шатырдың 80 шаршы метрін шарпыды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Еріктілер өрттің таралуын тежеді

Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып «Ауыл құтқарушылары» еріктілері жетті. Олар бірден өртті сөндіруге кірісіп, негізгі өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін жалынның ғимараттың басқа бөліктеріне таралуын тежеді.

Өрт толық сөндірілді

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері мен техникасы да жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер жалынды толық сөндірді.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button