ЕрекшеЭкономика

Қазақстан қырғызстандық кәсіпкер талап еткен 34 млрд долларды қайтармайтын болды

Қазақстан Қырғызстан азаматы, кәсіпкер Евгений Белавинге қарсы халықаралық арбитражда жеңіске жетті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БЕЛАВИН ҚАНДАЙ ТАЛАП ҚОЙДЫ

Белавин Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 1997 жылы қол қойылған екіжақты инвестициялық келісімге сілтеме жасай отырып, өзіне 34 миллиард доллардан астам өтемақы төлеуді талап еткен. Кәсіпкер инвестор ретіндегі құқықтары бұзылды деп мәлімдеген болатын.

Алайда, 2025 жылғы 1 қыркүйекте арбитраждық сот кәсіпкердің барлық талап-тілегін толығымен қанағаттандырусыз қалдырып, істі қарауды тоқтату жөнінде шешім шығарды.

Даулы іс БҰҰ Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) ережелеріне сәйкес жүргізіліп, Гаагадағы Төрелік сот палатасының (ППТС) қарауында болды. Сот Белавинді трибунал мен ППТС-тің барлық шығынын өтеуге, сондай-ақ Қазақстан жағының шығындарын – оның ішінде заңгерлік қызметтер ақысын да өтеп беруге міндеттеді, – деп хабарлады Әділет министрлігі.

Қазақстанның мүддесін бұл процессте Grata International заң фирмасы мен халықаралық арбитраждарда тәжірибесі мол британдық Enyo Law LLP компаниясы қорғаған.

Back to top button