$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Ерекше

ІІМ қала мен ауыл ішінде көлік қозғалысын 60 км/cағаттан азайта ма

ҚР ІІМ заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаментінің бастығы Ренат Зұлқайыров Tizgin.kz порталының қала мен ауыл ішінде көлік қозғалысын 60 км/cағаттан шектеле ме деген сұраққа жауап берді.

“Қалалардағы жылдамдық режимі жол үстіндегі жағдайға байланысты реттеліп, өзгеріп отырады. Егер ол жол аумағы мектепке немесе театрға, әлеуметтік нысандарға жақын болса, ол жерлерде сағатына 60 шақырымға дейін қозғалыс шектеледі. Оны жергілікті атқарушы органдар, әкімдіктер реттейді. Жалпы, бүкіл елде басқа жағдайда қала немесе ауыл ішінде көлік қозғалысын шектеу немесе арттыру жоспарланып отырған жоқ”, – дейді Зұлқайыров.

Астанада елді мекендерде ең жоғарғы жылдамдық 60 км/сағ, тұрғын үй салаларында — 20 км/сағ (аула ішінде). Ерекше жағдайда — 90 км/сағқа дейін рұқсат етіледі. Мектептер мен қоғамдық белсенді жерлерде шектеу 20–40 км/сағ болуы мүмкін

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button