Спорт

Жәнібек Әлімханұлының қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы 2027 жылдың 23 қаңтарында Данияның Хорсенс қаласында жергілікті боксшы Якоб Банкпен қолғап түйістіреді. Жекпе-жекте WBO нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы бос әлем чемпиондық атағы сарапқа салынады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жаңа салмақтағы чемпиондық жекпе-жек

Ол аталған ақпаратпен өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Алдағы кездесу қазақстандық боксшы үшін едәуір маңызға ие. Бұл оның допинг дауына байланысты үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегі әрі жаңа салмақ дәрежесіндегі дебюті болмақ.

Екеуара кездесу 76,2 келіге дейінгі супер орта салмақта өтеді. Мұның алдында Әлімханұлы орта салмақта өнер көрсетіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған.

Әлімханұлының қарсыласы туралы не белгілі

Дегенмен биыл шілдес айында ол WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеуінен бас тартып, жаңа салмақ дәрежесіне ауысу туралы шешім қабылдады.

Енді қазақстандық былғары қолғап шебері бос тұрған WBO чемпиондық атағы үшін Дания өкілі Якоб Банкпен жұдырықтасады. Кездесу Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында өтеді.

Әлімханұлы кәсіпқой рингте осы уақытқа дейін 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Еншісінде 12 нокаут бар.

Ларамен шығуы тиіс еді

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында Әлімханұлының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған болатын. Кейін В сынамасы да бұл нәтижені растады.

Осыған байланысты қазақстандық боксшының WBA чемпионы Эрисланди Ларамен өткізуі жоспарланған чемпиондық белбеулерді біріктіру жекпе-жегі өтпей қалды.

IBF қашан чемпиондықтан айырды

Биылғы ақпан айында WBO Әлімханұлын кәсіпқой бокс кездесулеріне қатысудан бір жылға шеттету туралы шешім қабылдады. Бірақ ұйым бастапқыда оған чемпиондық белбеуін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Ал наурызда IBF қазақстандық боксшыны орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Кейін WBO боксшыға қатысты шеттету уақытын мерзімінен бұрын тоқтатты. Бұл шешімнен кейін Әлімханұлы жаңа салмақтағы чемпиондық кездесу өткізу мүмкіндігіне ие болды.

Back to top button