Жаңалықтар

-16 градус суық, жауын, қар аралас жаңбыр: Алдағы үш күнге арналған ауа райы

«Қазгидромет» РМК өкілдері 12-14 қараша күндеріне арналған райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұрқасын соғады

Синоптиктер болжамынша, алдағы үш күнде елдің бірқатар аймағында ауа райы құбылмалы болады деп болжанды. Ең алдымен жаңбыр, сосын қар аралас жаңбыр күтіледі.

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болжанады. Жекелеген күндері елдің батысында, солтүстігінде, ал 13 қарашадан бастап оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, шығыс өңірде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, – делінген ақпаратта.

Күндіз көп-көрім жылынады

Батыс Қазақстанда түнде +2+9 градус жылыға дейін жоғарылап, күндіз +8+17 градус аралығында құбылатын көрінеді. Одан бөлек:

  • Орталық пен шығыста: түнде -5-15 градусқа дейін төмендейді, күндіз негізінен -3 градус суық пен +5 градус аралығында құбылады.
  • Солтүстікте: түнде -2-10 градусқа дейін төмендейді, күндіз негізінен -2 градус суық пен +5 градус жылы аралығында болады.
  • Оңтүстікте: түнде -1-8 градусқа төмендейді, күндіз +5+12 градус жылынады.
  • Оңтүстік-шығыста: түнде -3-8 градус, таулы аудандарда -11-16 градус суық болады. Күндіз +2+10 градус жылынып, таулы аудандарда -1-6 градусқа дейін суытуы мүмкін.
Back to top button