Без рубрикиЕрекшеЖаңалықтар

Бұрынғы қайнатасы: Түркістанда тойда ән айтқан әйелді ұрған ер адамның үстінен іс қозғалды

Tizgin.kz порталына бұл ақпаратты Түркістан облысының полиция департаменті хабарлады.

“Аталған факті бойынша “ұрып-соғу” бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды. Полиция кез келген заңсыз әрекеттерге заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, – деа хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Түркістан облысының тұрғыны Азода Толайқызы бұрынғы күйеуінің әкесі ішіп алып, тойда ән айтып тұрған өзін соққыға жыққанын мәлімдеді. Оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіге тарап кеткен. Азода «ел алдында ұрғаны үшін ол кісіні кешірмеймін» деп отыр. Ал бұрынғы күйеуі «әкеме арыз жазсаң, саған ешкім көмектеспейтін халге жеткізем» деп оны қорқытып жатқанын айтады.

Back to top button