Сабуровқа Ресейдегі тыйымды ақшаға шешіп бермек болғандар ұсталды

Қазақстаннан шыққан әзілкеш Нұрлан Сабуровтың өкілдеріне белгісіз адамдар Ресейге кіруге салынған тыйымды алып тастап беруді ұсынған. Олар бұл мәселені 100 млн рубльге шешуге қажетті байланыстары бар екенін айтқан, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, Сабуровтың менеджеріне бұрын күш құрылымында қызмет еткен адам мен оның сыбайласы хабарласқан. Алайда менеджер олардың ұсынысы туралы құқық қорғау органдарына мәлімдеген. Қазан айының ортасында күдіктілер ақшаның алғашқы бөлігін алған кезде ұсталған.
Комик тергеумен ынтымақтасуға дайын
БАҚ дерегінше, Нұрлан Сабуров тергеу органдарына куәлік беру үшін Ресейге баруға дайын екенін айтқан. Күдіктілер тергеліп жатыр.
2026 жылы қаңтарда Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жыл бойы кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Комикке қатысты бұған дейін Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеру жүргізген. Оның қорытындысы туралы Tizgin.kz материалынан оқуға болады.