Алматыда іске аспаған жол жобасына 202 млн теңге төленген
Алматыда мемлекеттік сараптамадан өтпеген әрі іске асыруға жарамсыз жол жобасына бюджеттен 202 млн теңге төленген. Прокуратура аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
202 млн теңге не үшін төленген
Алматы қаласының прокуратурасы автомобиль жолын реконструкциялау жобасын әзірлеуге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексерген.
Тексеру барысында қалалық Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мемлекеттік сараптамадан өтпеген және іс жүзінде жүзеге асыруға жарамсыз жобалау-сметалық құжаттама үшін мердігер ұйымға 202 млн теңге аударғаны анықталды.
Бұдан бөлек, басқарма мердігерден жалпы сомасы 27 млн теңгені құрайтын тұрақсыздық айыбы мен шарттың орындалуын қамтамасыз етуге арналған қаражатты өндіріп алмағаСондай-ақ прокуратура жол жобасына бөлінген қаржының жұмсалуынан бөлек, келісімшарт талаптарының орындалуына қатысты да заңбұзушылықтарды анықтаған.
Қылмыстық істі ҰҚК тергеп жатыр
Анықталған деректер бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 361-бабымен, яғни лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта істі Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатыр.
Қадағалау органы тергеудің өзге мән-жайлары әзірге жарияланбайтынын мәлімдеді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.