Арқалықта саз балшықты жаппай ұрлау ісі бойынша іс қозғалды
Бірқатар лауазымды тұлғаға саз балшықты заңсыз өндіріп, сатып келген деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
АГЕНТТІК ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысындағы саз балшықты ұрлау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты түсініктеме берді.
Тергеу аясында “Огнеупорснаб” компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты іс қозғалды. Оларға Арқалық кен орнынан бір жыл ішінде 7 мың тоннадан астам отқа төзімді саз балшықты заңсыз өндіріп, сатып келген деген айып тағылып отыр.
Қазір ерекше ірі көлемдегі техногендік минералды түзілімдерді ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл – азаматтық-құқықтық дау емес, мемлекеттің экономикалық және экологиялық мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық әрекет, – деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігі.