TOP-2Жаңалықтар
Энергетика министрі айлығын атап, “коммуналкаға” қанша төлейтінін айтты (Видео)
Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ай сайын қанша жалақы алатынын және коммуналдық қызметтерге қанша қаражат жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
10 қарашада Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген министр өзінің айлық жалақысы 1,2 миллион теңге екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ Ерлан Ақкенженов коммуналдық қызметтер үшін ай сайын 75 мың теңге төлейтінін жеткізді.
Осылайша, министрдің коммуналдық төлемдерге жұмсайтын қаражаты оның айлық жалақысының шамамен 6,25 пайызын құрайды. Бұл шығынды есептемегенде, жалақысынан 1 миллион 125 мың теңге қалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram