ЕрекшеЖаңалықтарОқиға

“Кешірмеймін”: Түркістан облысында ер адам тойда ән айтқан бұрынғы келінін соққыға жыққан

Түркістан облысының тұрғыны Азода Толайқызы бұрынғы күйеуінің әкесі ішіп алып, тойда ән айтып тұрған өзін соққыға жыққанын мәлімдеді. Оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіге тарап кеткен. Азода “ел алдында ұрғаны үшін ол кісіні кешірмеймін” деп отыр. Ал бұрынғы күйеуі “әкеме арыз жазсаң, саған ешкім көмектеспейтін халге жеткізем” деп оны қорқытып жатқанын айтады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Азода әлеуметтік желідегі парақшасында жазғандай, осы жылдың 31 тамызында кешкі сағат 20:30 шамасында Загамбар ауылының “Загамбар” тойханасында ән айтып тұрған жерінде бір кісі келіп (кейін бұрынғы күйеуінің әкесі екенін таныған) ұрғанын айтады.

“Ол бойынша жалғыз ғана учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына 1 сағаттан аса уақытта келіп, жұмысына немқұрайлы қарап, өз міндеттерін тиісті дәрежеде атқармай отыр. ⁠Учаскелік полиция инспекторлары мені сот медициналық сараптамадан өткізбеді, уақытты созды, мендегі қызарған ісінулер кетіп қалуын күтті. “Өзіміз шақырамыз” деді”, – дейді Азода.

Азода полиция қызметкерінің ⁠тойдағы куәлардан жауап алмай, керісінше “кешірім бер” деп арызын кешіктіріп жазып алып қалғанын айтады.

“Арыз жазуға барсам мені ұрған адамды шақыртып қойған. Олар келгенше әдейі уақытты созды. Олар үстел жайып су-пуымен кіріп келді. “Сөйлесіңіздерші” дейді. Мен “үстінен арыз жазамын, болды кетемін” дедім. Ол адамнан мен қорқып шығып кеттім, учаскелік полиция оған ештеңе айтпады, ештеңе істемеді”, – дейді ол.

Азода жалғызбасты ана екенін жазады.

“Мені соншама жұрттың алдында ұрып соғып, қоғамдық тәртіпті құрметтемей осындай жағдайға жеткізді.Менің абыройымды құртты. Оған заң жүзінде жауап беруін сұраймын. Оқиға орын алған күні наркологиялық куәландырудан өткізбеген, ішкен адамды экспертиза жасап қамауға алу керек еді, бірақ мені ұрған адам әлі де неге бостандықта шалқып жүр?” – дейді ол.

Tizgin.kz тілшісі Түркістан облыстық полиция департаментінен ресми пікір сұратып жатыр. Жауап келген бетте жарияланады. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ꧁༺Azoda ༻꧂ (@azoda.tolaevna)

Back to top button