Әскерге жарамды жастар SMS алған соң неше күнде әскери комиссариатқа келуі керек

ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев әскерге жарамды жастар SMS алған соң неше күнде әскери комиссаритқа келуі керектігін ескертті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“СМС-хабарламаны біз биыл заңдастырдық. Осыдан 4-5 жыл бұрын әрбір әскерге шақырылушыларға келетін. Бірақ оның заңды күшіне енбеген. Ал қазір заң күшіне енді. Әрбір азамат телефонан немесе жеке кабинетіне келген хабарлама түскеннен кейін міндетті түрде келуі керек. Хабарлама түскеннен кейін үш күннен кейін ол келуі тиіс”, – дейді ол ОКҚ алаңында.
Цифрландыру деген дүние жүзінде жүргізіліп жатыр. Қазақстанның қорғаныс министрлігі былтыр 2024 жылы әскерге дейінгі шақырылушыларды цифрландырып, ақпанда 17 жасқа толғандардың бәрін әскери комиссариатқа жинап, медициналық сараптама жасайтынбыз. “Мұны енді цифрландырдық” дейді Айдарбаев.