Әлемдік мұнай бағасы тағы төмендеді
Бүгін таңертеңгі сауда қорытындысында WTI маркалы мұнай фьючерстері бағасы 1,24 долларға төмендеп, барреліне 86,88 доллар болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Brent маркалы мұнай баға қанша
Oilprice.com бөліскен дерекке сенсек, Brent маркалы мұнай 0,89 долларға арзандап, барреліне 93,73 долларды көрсетті.
Ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы 1,13 долларға немесе 1,24%-ға өсіп, барреліне 92,16 доллар болды.
АҚШ-тағы сайлау әсер етті ме
Сарапшылар сөзінше, мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ-тағы аралық сайлаудың тәмамдалуы мен Таяу Шығыстағы қақтығыстың тоқтауы мүмкін деген үміт әсер етті. NBC News Демократиялық партия АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы мен Сенатындағы басымдыққа ие болады деген болжаммен бөлісті.
Мұның алдында Қытайдың Иран және Сауд Арабиясымен Ормуз бұғазын ашу мәселесін талқылап жатқаны хабарланған болатын. Тараптар халықаралық энергетикалық ресурстар жеткізілімін қамтамасыз етіп, жаһандық қауіпсіздікті сақтау үшін Таяу Шығыстағы тұрақтылық маңызды екенін айтты.