Нұрлан Жақыпов ірі инвестиция жобаларын мерзімінде аяқтауды тапсырды
«Жобалардың мерзімін өткізуге жол берілмейді»: Жақыпов басшыларға талап қойды

«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов портфельдік компаниялардың басшыларымен жұмыс кеңесін өткізіп, ірі инвестициялық жобалардың белгіленген кестеге сай жүзеге асырылуын тапсырды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Жиында нысандарды уақытылы пайдалануға беру және құрылыс барысындағы мәселелерді жедел шешу жайы талқыланды.
Жобаларға бақылау күшейтіледі
Кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерге ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы ел инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту, жаңа генерация қуаттарын дамыту және 2029 жылға қарай тұрақты энергия профицитін қалыптастыру міндетін қойған.

Осыған байланысты Нұрлан Жақыпов бекітілген құрылыс кестелерін қатаң сақтап, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін әр басшының жеке жауапкершілігін күшейту қажеттігін атап өтті. Қор басшысы құрылыс кезеңдерінің бәрінде бақылау орнатуды, туындаған мәселелерді жедел шешуді және нысандарды уақытында іске қосу үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Нысандарды кейінге қалдыруға жол берілмейді
Жиында Түркістан, Қызылорда, Алматы және Екібастұз қалаларында салынып жатқан жаңа генерация нысандары мен газ өңдеу зауыттарының құрылысы қаралды. Оларды пайдалануға беру мерзімін кейінге шегеруге жол берілмейтіні айтылды.

«Стратегиялық инвестициялық жобалардың мерзімінен кешігуіне жол берілмейді. Әрбір бірінші басшы қабылдаған міндеттемелердің орындалуына және нысандардың уақытылы пайдалануға берілуіне жеке жауапты. Формалды көзқарас пен тиісті бақылаудың болмауы басқарушылық шешімдер қабылдауға әкеледі», – деді Нұрлан Жақыпов.
Қазір қордың директорлар кеңесінің бақылауында жалпы құны 43,8 трлн теңге болатын 69 ірі инвестициялық жоба бар.