ЕрекшеЖаңалықтар
Парламентті тарататын қажеттілік жоқ – Бапи

Бүгін күзгі сессия ашылады. Парламенттің қос палатасының депутаттары бірлескен отырысқа жиналып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ЖУРНАЛИСТЕРГЕ БЕРГЕН ЖАУАБЫ
Жиын басталар алдында журналистер депутат Ермұрат Бапиден “Парламент тарай ма?” деп сұраған. Депутат “қажеттілік жоқ” дейді.
“Қазір елде тұрақтылық, тыныштық орнаған. Қандай да бір толқу, Үкімет пен Парламент арасында дағдарыс, билік арасында келіспеушіліктер болса, бір сәрі. Тып-тыныш жатқан Парламентті таратудың қандай қажеттілігі бар? Мен ойлаймын, оны таратуға болады, бірақ 2027-ші жылдарға таман. Бәлкім, бас кезінде немесе аяғында, – деді депутат.
Посмотреть эту публикацию в Instagram