TOP-2Жаңалықтар

Каспийдегі трагедияда аман қалған сарбаз қолдаушылардың бәріне алғыс айтты

Каспийде 14 сарбаз қаза болған аман қалған үш сарбаздың бірі – Никита Удалов қиын-қыстау кезде өзін қолдаған азаматтардың бәріне алғыс айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Осындай қиын сәтте қолдау көрсетіп, жылы сөздерін айтып, жанашырлық танытқан барша туған-туыстарыма, жақындарыма және достарыма шын жүректен алғыс білдіремін. Қиын-қыстау кезеңде жанымнан табылған әрбір жанға ризашылығым шексіз. Ақтау қаласында қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Қайғыларыңызға ортақпын. Орны толмас ауыр қазаны еңсеруге Алла күш-қуат пен сабыр берсін. Қаза болғандардың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!” – деп жазды Никита Удалов.

Каспийдегі трагедия

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапқаны белгілі болған еді. Кейін құрбан болғандар саны одан да көбейді. Осы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Аталған оқиға бойынша тергеу екі баппен жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура іс бойынша күдікті лауазымды адамдар анықталғанын хабарлады. 25 күні таңертең соңғы екі әскери қызметкердің денесі табылды.

Осы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ахуалды кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрды. 

Back to top button