Жаңалықтар

Қостанайда 17 млн теңге бопсалаған екі күдікті ұсталды

Қостанайда жергілікті тұрғыннан 17 миллион теңге талап етті деген күдікпен бұрын сотталған екі ер адам ұсталды. Олар 4,4 миллион теңге алып жатқан жерінен қолға түскен, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ІІМ мәліметінше, күдіктілер қыркүйек айынан бері жәбірленушіден ірі көлемде ақша талап еткен. Олар талаптарын орындамаған жағдайда күш қолданып, физикалық тұрғыдан есеп айырысамыз деп қорқытқан.

28 қазанда екі ер адам жәбірленушіден 4,4 миллион теңге алып жатқан сәтте ұсталған. Тінту барысында аталған ақша, Kia Sportage автокөлігі мен ұялы телефондар тәркіленді. Полиция күдіктілердің әрекетін алдын ала сөз байласып, қорқытып алушылық ретінде саралады. Қазіргі уақытта екі күдікті де тергеу изоляторына қамалған.

Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button